Loading...

Ғылыми менеджмент және жобаларды сүйемелдеу бөлімі

KazIOR

Ғылыми менеджмент және жобаларды сүйемелдеу бөлімі «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді және сүйемелдеуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімше болып табылады. Бөлімнің құрамына ғылыми менеджмент және биостатистика жөніндегі мамандар кіреді.
Бөлім қызметінің ерекшелігі клиникалық тәжірибемен тығыз байланыста ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың кешенді тәсілі болып табылады. Мұндай модель әртүрлі бейіндегі мамандардың тиімді өзара іс-қимылына және институт ұжымын ғылыми қызметке белсенді тартуға ықпал етеді.
Ғылыми зерттеулерді орындауға клиникалық орталықтар мен бөлімшелердің қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ резидентурада оқитындар тікелей қатысады. Бұл ғылыми мектептердің сабақтастығын, жас ғалымдардың зерттеу құзыреттерін дамытуды және онкология мен радиология саласында инновациялық әлеуетті қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Ғылыми менеджмент және жобаларды сүйемелдеу бөлімінің қызметі институттың ғылыми инфрақұрылымын нығайтуға, зерттеулердің нәтижелілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ ұлттық онкологиялық ғылымды халықаралық ғылыми қоғамдастыққа біріктіруге бағытталған.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

• онкология және радиологияның басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының орындалуын ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу

• гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру байқауларына қатысуға өтінімдер дайындау және беру

• жобалардың орындалу барысына ішкі мониторингті, нәтижелерді талдауды және қорытынды есептілікті дайындауды қамтамасыз ету

• деректерге биостатистикалық талдау жүргізу, дәлелді медицина және ғылыми әдіснама мәселелері бойынша сараптамалық қолдау

• Денсаулық сақтау министрлігіне ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының рейтингтерін есептеу үшін ғылыми қызмет индикаторлары бойынша ақпаратты қалыптастыру, жинау және ұсыну.

KazIOR

Біздің команда

Юнусова
София Руслановна