Омбудсмен – Қоғамның Директорлар кеңесi тағайындайтын тұлға, оның рөлi Қоғамның өзiне өтiнiш жасаған қызметкерлерiне, еңбек дауларына, жанжалға қатысушыларға консультация беру және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауды ескере отырып, оларға өзара қолайлы, сындарлы және iске асырылатын шешiмдердi әзiрлеуде жәрдем көрсету болып табылады (оның ішінде қажеттілігіне қарай құпиялылықты сақтау), проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің іскерлік әдеп қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу.
Омбудсменнің негізгі функциялары:
Іскерлік әдеп кодексінің ережелерін сақтамау мәліметтерін жинау;
өзіне жүгінген қызметкерлерге, еңбек дауларына қатысушыларға консультация беру;
Қоғам қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) және лауазымды тұлғалардың қабылдаған шешімдеріне (актілеріне) қатысты қызметкерлердің шағымдарын қарау;
жанжалдарды (дауларды) сот органдарына бергенге дейін оларды ерте сатыда реттеуде, соттан тыс тәртіппен реттеуде Қоғам қызметкерлеріне жәрдем көрсету;
Қоғамның лауазымды адамдарына алынған өтініштер бойынша жанжалдарды (дауларды) реттеу жөнінде ұсынымдар беру;
жүйелі сипаттағы жанжалдарды (дауларды) шешу және болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
Қоғам қызметкерлерімен, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен қажетті кеңестер, кездесулер, консультациялар, талқылаулар өткізу, сондай-ақ келіп түскен өтініштер бойынша Қоғам қызметкерлерін тыңдау.
Кез келген қызметкер мен «ҚазОРҒЗИ» АҚ лауазымды тұлғасы еңбек заңнамасын, ішкі рәсімдерді және «ҚазОРҒЗИ» АҚ Іскерлік әдеп кодексінің ережелерін бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ корпоративтік жанжал мен мүдделер қақтығысына әкелуі мүмкін фактілер мен жағдайлар бойынша «ҚазОРҒЗИ» АҚ Омбудсменіне жүгінуді сұраймыз.
«ҚазОРҒЗИ» АҚ Омбудсменінің байланыс деректері:
Федорова Екатерина Игоревна
Тел./WhatsApp +7 747 900 74 59,
Алматы қ., Абай көшесі, 91, каб. 922 (Әкімшілік корпус, 9 қабат).