Радиология және ядролық медицина бөлімі сәулелік диагностиканың қазіргі заманғы жоғары технологиялық әдістерін жүргізуді қамтамасыз ететін мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Бөлімшеде 17 дәрігер, оның ішінде 1 PhD, 1 PhD кандидаты және 3 медицина ғылымдарының кандидаты жұмыс істейді. Бөлімшенің мамандары Mount Sinai Hospital (АҚШ), Stanford University (АҚШ), Palacky University (Чехия) сияқты жетекші шетелдік клиникалар мен университеттерде тағылымдамадан өтті, сондай-ақ Open Medical Institute seminars «Diagnostic Imaging» (Зальцбург, Австрия) және басқа да халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысты.
Бөлімше базасында ғылыми жобалар жүргізіліп, отандық және халықаралық ғылыми журналдарда жариялау қызметі белсенді жүргізілуде.
Заманауи визуализация технологиялары ғылыми тәсілмен және мамандардың жоғары біліктілігімен үйлесімде дәл диагностиканы қамтамасыз етеді және қазіргі заманғы деңгейде радиологиялық қызметті дамытуға ықпал етеді.
Диагностикалық үдеріс сараптамалық класының қазіргі заманғы жабдықтарын пайдалана отырып жүзеге асырылады:
• «Discovery MR750W» (GE) 3 Тесла магнитті-резонансты томограф
• «Somatom Definition AS» (Siemens) (64 кесінді) және Aquillion (Canon) (128 кесінді) компьютерлік томографтар
• «AMULET Innovality» (Fujifilm) сандық маммографы
• ОФЭКТ «Forte» (Philips)
• Samsung, Mindray, General Electric, Toshiba, RESONA ультрадыбыстық жүйелері